Астана қаласының күні  құрметіне  22-24 маусым аралығында «Сахнадан сәлем!» атты халықаралық театр фестивалі өткізіледі. Осы өнер мерекесіне Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры өздері есімін еншілеген жазушы-драматург Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» спектаклін апарғалы отыр.

Қоюшы режиссері- Астанадағы «Жастар» театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер,   Нұрқанат Жақыпбай. 

Режиссер ассистенті– Мейрам Хабибуллин

Қоюшы суретші- Айбек Орынбасар

Хормейстер- Әйкерім  Әбілханова

Классик жазушы-драматург Т. Ахтановтың  аттас повесі кезінде жастар үшін қуана оқитын, әсерлі, ғибратты болғандығын алдыңғы толқын әдебиетшілер әлдеқашан айтып кеткен. Кейін спектакльге айналған  осы шығарма кең байтақ еліміздің сахналарында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алып жатты. Бұдан бұрын да жазушы- драматург дәулескер күйші, саңлақ суретші туралы тереңдетіп жазса бұл шығарма  да  өнер адамы-әдебиетшілердің қимыл-әрекетін, өнерге көзқарасын, талант туралы ойларын, жалпы өнер адамына қойылар талаптарды эстетикалық-көркемдік тұрғысында қарастырып, өзіндік көзқарастарын білдіреді. Өзінің есімі берілген театр артистері бұдан бұрын да өз жерлесі, аттас ағаның бірталай шығармаларын сахналап, жазушы мен ел алдындағы міндеттерін бірсыпыра орындаған болатын. Бұған автордың  «Күшік күйеу», «Боран», «Сәуле», «Арыстанның сыбағасы», «Күтпеген кездесу», «Ант»  шығармаларын  атауға болар еді.

Әйгілі шығарманың айтар түйіні: талант тағдыры, өнер адамдарына артылар  жауапкершілік, махаббат атты мөлдір сезімнің пәктігі, қазақ жастарының бәріне жүктелер шыншылдық пен шынайылық, таңдаған жолдың дұрыстығы , өмір атты үлкен соқпақтың қызық-қиындығы.

Рөлдерді орындаушылар: Ләззат- ҚР. Мәдениет саласының үздігі Майгүл Мұзбаева Салиха- Әдемі Нәжмеденова, Айнагүл Өлмесекова

Бағила- Айгүл Оразалина , Толқын Жандыбаева

Нияз- ҚР. Мәдениет саласының үздігі Кеңес Кемалбаев

Қуантай- Нұрсұлтан Айтқалиев

Нарқоспақ- Әсет Оразалин

Ана- «Құрмет» орденінің иегері Шалқия Бақытжанова