2016 жылдың 5 ақпан күні Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен қазақ жырының Хантәңірі, мұқым елдің мұзбалағы атанған, артына өшпес мұра қалдырған сөнбес жұлдыз, болмысы кесек, табиғаты бөлек, қасиетті Қарасаз топырағынан нәр алған арда ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өткізілетін ән-жыр кешіне шақырамыз!

Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын», – деп жырлаған ақын, аз ғұмырында қаншама әнге сөз жазып, қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі. Концертте тәтті әнмен сұлу жырға қанық боласыздар!

Кеште өнер көрсететіндер:

Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі.

Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқал Жайымов.

Дирижер: Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов

Классика және эстрада ән бөлімінің әншілері.

Көркемдік жетекшісі: Айнұр Байнұлдинова.

Дәстүрлі ән бөлімінің әншілері.

Көркемдік жетекшісі: Секен Сыздық.

«Артист» эстрадалық би тобы.Көркемдік жетекшісі: Дәулет Мұратбеков.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет, Парасат» ордендерінің иегері, филармония солисті Майра Ильясова.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филармония солисті Алтынай Жорабаева.

Концертті тамашалауға келіңіздер, көріңіздер!