АвторҚанат – Қ. Жүнісов.

Қоюшы режиссері – Ә. Оразбеков.

Қоюшы суретші – Б. Бурбаев.

Музыкасын құрастырушы, композиторы – Қ. Тоқымбетов.

Киім үлгісінің суретшісі – Ш. Елембаева.

Сахна сайысын қойған – О. Жақыпбек.

Дыбыс режиссері – Г. Әминова.

Режиссердің ассистенті – С. Қашқабаев.

Режиссердің көмекшісі – Гүлжан.

Қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің биыл 120-жылдық мерейтойы. Тағдыры тар жол тайғақ кешумен өткен алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады. Режиссер Ә. Оразбеков сахналап отырған аталмыш қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.