Авторы – У. Шекспир.

Аударған – Х. Ерғалиев.

Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов.

Қоюшы суретші – Д. Доспаев.

Музыкамен көркемдеуші – Қ. Тоқымбетов.

Дыбыс режиссері – Г.Әминова.

Балетмейстер – С. Жолымбаева.

«Гамлет» – Шекспир шығармашылығындағы жұлдызы шоқ туындының бірі. Дат ханзадасының өміріндегі әкесінің оқыс өлімі, анасының сатқындығы сынды соққылар өмірін өзгертеді. Маңайында болып жатқан сәтсіздіктер – опасыздық, жалғандықтан туған ызасы оның кек алуына әкеп соқтырады. Ол қоғамда шындықты орнатуға, опасыздықты әшкерелеуге тырысты. Алайда, ол өз мақсатын орындауда – «болу ма, жоқ бордай тозу ма?» деген ұранмен, өліммен іштей күресті. Өмірдегі шиеленіске толы тартыс пен күреске толы ойды сахналаған спектакльдің мағынасы тереңде.