Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1)
Премьерасы өткен күн: 5 наурыз 2009 ж
Автор: Алексей Дударев
Қазақ тіліне аударған: Фариза Оңғарсынова
Режиссер: Болат Ұзақов
Қоюшы суретші: Дәулет Доспаев
Музыкасын құрастырған: Маралжан Мырзақұлова, Гүлнафис Әминова
Актерлік құрам: Рымкеш Омарханова, Ақыш Омар, Мейрам Қайсанов, Болат Ыбыраев, Күлия Қожахметова
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 50 мин, антракт бар
Жас санаты: 12+
«Келешегі жоқ» бүгінгі ауылдың күйі.
Онда тек балаларынан хат-хабар күтетін қарттар ғана қалған.
Бар ермектері – құдықтан су тарту...
Дударевтың «Кеш» спектаклін тамашалай отырып, Жаратушының адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты – жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қаласыз...