Алтынай Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төле би ауданының Бейнеткеш ауылында 1978 жылы дүниеге келді. Әкесі – Құлажан Жорабаев қатардағы совхоз қызметкері, анасы – Жаңыл қазан-ошағы басында, тынымсыз үй шаруасымен ұл-қыздарын тәрбиеледі. Мектепті аяқтағаннан кейін 1995 жылы Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өнерфакультетіне түсіп, оны 1999 жылы тәмамдады.

Ол ән салуды бала шағында не мектеп жылдарында емес, институт қабырғасында 2-курс студенті кезінде фольклорлық клубқа қатысудан бастады, халық әндерін көкірегіне құйып, белгілі халық жырауларының терме-толғауларын, дәуірлес композиторлардың, сазгерлердің әндерін үйренді. 1997 жылы облыстық «Арай» байқауына қатысып, 3-орынды иеленді. Бұл оның алғашқы жеңісі. 2009 жылы 65 әндерден тұратын үнтаспасы жарық көрді. Олар көптеген қазақ және ағылшын, түрік, тәжік, қытай, грузин, өзбек, белорусь халықтарының әндерінен құралған. Ең жиі айтатын әндері: композиторлар – Б.Оралұлы, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, А.Дүйсенбі, Т.Шапай, Ұ.Жолдасов, А.Ақаев, А.Сүлейменов, Б.Шыналиев, М.Жаутықов, Б.Тұрғараев, Ә.Ботақараевтың туындылары.2008 жылы Алтынай Жорабаеваға 30 жасында Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең жасы.

2008 жылы Алтынай Жорабаеваға 30 жасында Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең жасы.