Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы

Өтетін күні: 9 қараша

Режиссёр: Руслан Нурланов

Кешке қатысушылар: Бейбіт Мұса, Көркем Шолошова, Айбала Бейсенова, Айгерім Нартүйе, Оспан Құлсымақ

Жанр: концерт

Ұзақтығы: 1 час 15 минут 

Жас санаты: 7+ жастан

Қосымша: «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі

 Ансамбль солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты Омар Райханның «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты жеке концерті. Концертте ансамбльмен бірге және жеке орындауда түрлі ұлттық аспаптарда өнер көрсетеді (сыбызғы, уілдек, сазсырнай, тастауық, үскірік, шаңқобыз, жетіген, құссайрауық т.б.). Бұл аспаптар көнеден келе жатқан, үні ерекше сазды музыкалық аспаптар. Ұлттық аспаптардың мүмкіндіктерін танытатын әдемі саз кеші болмақ. Сондай-ақ кеште қазақтың ұлттық билері мен халық әндері орындалады.

Жеке концерттің мақсаты – төл өнерімізді насихаттап жүрген жастарды халыққа кеңінен таныту, жас дарын иелеріне қолдау көрсету.