Қазақ елімӨтетін орыны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК

Өтетін күні: 17 мамыр, 2022 жыл

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ:

Жас санаты: 7+

Қосымша: 

 

 


«Қазақ Елім» концерттік бағдарламасына Ермұрат Үсенов, Ақтота Райымқұлова, Балнұр
Қыдырбек, Әли Алпысбаев, Серік Еркімбеков, Балтабай Нұржанов, Серік және Әліби Әбдінұров, Шолпан Қорғанбек және т.б. қазақстандық композиторлардың шығармалары енгізілді. Кеш барысында тыңдармандар заманауи композиторлардың ойларын, олардың шығармаларының музыкалық бейнелері мен композиторлық опустардағы дәстүрлердің қалай бейнеленгенің біле алады. Таңдалған бағдарламаның әр шығармасында автордың жеке ерекшеліктері бар, олар шынайы және риясыз сезімдерге толы.
Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблі репертуарының негізін оның көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуіндегі қазақ фольклорының күй, терме және жыр жанрлары құрайды. Музыканттардың талантын барынша көрсетуі үшін ол жеке орындауларға ерекше мән береді. Шебер өңделген халық музыкасы өзіне тән бейнелер мен сұлулықты барынша аша отырып, жаңаша естіледі. «Қорқыт» репертуарында Шолпан Қорғанбектің шығармалары маңызды орын алады. Ол композитор ретінде «Астана-Бәйтерек», «Балалық шақ досы», «Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы»,
Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған «Елдің ері – Бауыржан!» және т.б. беделді
республикалық байқауларында бірнеше рет жүлделі орынға ие болды.

«Қорқыт» этно-ансамблінің бірегейлігі әртістің бір емес, бірнеше аспапта ойнай алуында.
Осындай әмбебаптылық арқасында «Қорқыт» халық музыкасын кез келген композициямен орындай алады. Сахнадағы мульти-аспапшылардың шеберлігін көрген көрермендер күшті әсер алады. Музыканттар бірнеше аспапта ойнап қана қоймай, көмеймен ән айтудың да сирек техникасын меңгерген.