Абысын-АжынӨткізу орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Өткізу күні: 9 шілде 2022 ж.

Басталуы: 15:00

Әртістер: Мирас Жүгінісов, Ұлықпан Жолдасов, Светлана Айтбаева, Клара Төленбаева, Гүлнұр Оразымбетова.

Тұрақ:

Жас шектеуі: 7+ 

Қосымша:

2022 жылғы 9 шілде күні Еркеғали Рахмадиев атындағы филармония залында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Абысын-ажын» атты республикалық байқауы өтеді. Абысындар байқауы елімізде тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Бұл ұлттық салт-дәстүріміз бен халықтық өнерімізді ұлықтайтын бірегей жобалардың бірі. Байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 13 (он үш) үміткерден өтініш келіп түсті. Бір үйден, бір әулеттен бірнеше келіндер бір команда болып, сайысқа түседі, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

       Қазақ аналары қоғамының басты мақсаты осындай ерекше, қызықты ауқымды шаралар арқылы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту, жаңа заманға сай лайықтау, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық  киіміміз бен тілімізді жүйелі жаңғыртып, жастарға дұрыс тәрбие беру болып табылады.

Байқау арқылы ақылына көркі сай қазақтың өнерпаз келіндерін анықтап, оларды жарыққа  шығару, абысындар арасындағы өнегелі достықты, татулықты келешек ұрпаққа үлгі ету, бойжеткендер мен аруларымызды ұлттық дәстүрде тәрбиелеу қолға алынып отыр.

«Абысын-ажын» байқауы алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықаралық деңгейде дәстүрлі түрде аталып өтеді деген сенімдеміз.