Н.Гоголь "Ревизор" /комедия/ Реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткеріН.Жақыпбай. 1 сағ. 45 мин.
Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің «Ревизоры» Жастар театрының сахнасында өзгеше екпінмен, ерекше шабытпен, қайталанусыз бағытпен театр әлеміне жол тартты.
Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Олардың бітім-болмысы көз бояушылықтан, жағымпаздықтан тұрады. Қойылым қоғамымыздағы осындай қайсы бір келеңсіздіктерді заманауи пайымдауда әжуалайды.