Қ. Жүнісов «Алғашқы махаббат»
/комедия/

Реж. Д.Серғазин

«...Терезенің жақтауына,

Ойып жаздым атыңды...»

Бұл – қызығы мен мұңы аралас албырт кезеңдегі аяулы сезім. Сірә, махаббат «машақатын» көрмеген жан кемде-кем болар. Ал алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен әлдеқайда үлкен қызға ғашық болған бозбала жайлы естіп пе едіңіз? Бұл албырттық па, әлде ақымақтық па? Бәлкім бұл шынайы сезім шығар. Езуге күлкі үйірер осындай шытырман оқиғаға құрылған бұл комедия көрермен назарын бей жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілімен ә дегеннен жаныңызды баурап алары сөзсіз. Себебі, үлкен өмірге қадам басып, үлкен әлемнің дәмін татқан адамның жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы сайрап жатары анық. Ал дәл осы сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін тіпті қызық қойылым болмақ. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - танымал театр және кино актері Дәурен Серғазин. Қоюшы суретші - Ерлан Тұяқов.

Басты рольдерде: Нұрлыбек Төлеген, Мадина Май, Бейбіт Құсанбаев, Ербол Тлеукенов, Әділ Ахметов, Елдос Шайкенов.