Өтетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және Келісім Сарайы
Күні: 25 қазан 2023
Басталуы: 17:00
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: Шектеусіз
Бағдарлама: Роза Рымбаева, Еркебулан Дайыров, Қуандық Қыстықбай, Мейірғат Амангельдин, Асылхан Төлепов, Данияр Уразаев, Даурен Сергазин, Назерке Серикболова, Жұбаныш Жексен, Ибрагим Ескендир, Айгүл Қосанова, Ерболат Құдайберген, Мадина Садвакасова.
Қосымша:
Республика күніне арналған концерт-спектакльге Алаш арманы арқау болады. Қазақ елінің егемендігі жолында ерен еңбек сіңірген тұлғалардың жиынтығы көрсетілетін бұл концертте: Ахмет Байтұрсынұлы (150 жыл), Шәкәрім Құдайбердіұлы (165 жыл), Мағжан Жұмабаев (130 жыл), т.б.
Алаш ардақтыларының Ұлтымыздың тәуелсіздігі жолында жасаған ұлы істері айтылады. Әрбір тарихи тұлғаны сомдау еліміздің беткеұстар актерлеріне беріледі. Жалпы концерт негізгі кейіпкерлердің (бүгінгінің жастары) кітап оқып отырып, түрлі кезеңдерге түсіп отыруы арқылы суреттеледі.
Көрерменге Республика күні мерекесінің маңыздылығын тұлғалардың «сөзімен» жеткізетін бұл қойылымның ерекшелігі графикалық 3 D декорация түрлі тарихи кезеңдерге сапар шектіреді. Әр кезеңнің әндері арқылы қойылымның драматургиялық желісі күшейе түседі.

