Өтетін орны: Астана қ, Тәуелсіздік даңғ. 57, Бейбітшілік және келісім сарайы
Күні: 2023 жылғы 16 желтоқсан
Уақыты: 19:00
Жас шектеуі: 6+
Ұзақтығы: 2 сағат
Қосымша: Концерт залының фойесінде сағат 17:30-дан бастап көрермендер үшін түрлі іс-шара ұйымдастырылады. Қонақтар арнайы фотоаумақта естелік суретке түсе алады. Көрермендердің фотолары мен видеолары сол жерде бірден беріледі. Шоу атмосферасын сезіну үшін фойеде караоке жүйесі жұмыс істейді, ал «Жұлдыз FM» радиосының танымал жүргізушісі Жандәурен Мәди сүйікті әндерді таңдауға көмектеседі! Ең шебер орындаушылар естелік сыйлықтарға ие болады.
Тәуелсіздік күніне орай, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мәңгілік ел дауысы» жыл сайынғы ұлттық караоке-шоуы өтеді. Сүйікті әртістер, үздік әндер, естен кетпес оқиға!
Бұл кеште сенімен бірге
Kalifarniya, Ayree, Мархаба Сәби, Қазыбек Құрайыш, Ерболат Құдайберген мен ALPHA тобы ән салады.
100 пайыз жанды дауыста өтетін кешті музыкант, композитор Әділжан Толықбаев жетекшілік ететін Saz&Soul тобы сүйемелдейді. Кештің көркін АRTballet ұжымының авторлық би қойылымдары мен DJ Byke ұсынатын ерекше сет қыздыра түседі.
«Мәңгілік ел дауысында» бүкіл елмен бірге ән сал!