Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1)
Автор: Мұхтар Әуезов
Қоюшы режиссер: Гүлсина Мирғалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
Киім суретшісі: Мадина Қосмағанбетова
Композитор: Олжас Дәлелхан
Актерлік құрам: Ақмарал Танабаева, Әнуар Бектас, Ұлан Қабыл, Айнұр Жетпісбаева, Ержан Нұрымбет, Лейло Бекназар, Қуандық Қыстықбай, Ерғұлан Жанпейісов, Біржан Жүнісов, Қайыржан Садықов, Ботагөз Мақсұтова, Нартай Сауданбекұлы.
Жанр: трагедия
Ұзақтығы: 1сағат 45 мин
Жас ерекшелігі: 16+
«Мынау қолым, Қарагөз саған созған,
Махабаттың жүректе оты қозған.
От-жалындай көзіме көрінеді,
Желбіреген көйлегің берен боздан»
Қазақ ауыз әдебиеті.
Тағдыр мен тауқымет, махаббат пен ғадауат. Серілік пен сергелдең. Орта мен адам арасындағы тағдыр таласы... Уақыт пен қоғам трагедиясы... «Ақындық құмарлығына елтіген уыз жастар» мен зар еңіреген көшпелі Заман, ойы екіге жарылған адамның Ақыл азабы... Қазақ драматургиясының алтын қоры...
Сырым мен Нарша... Әуезовтің жан дүниесінің толғағын аңғартқан, кейін сан өкіндіріп-опындырған, ашындырып-аялаған – «Қарагөз». Ұлт жауһары – Ұлттық театрда... Келіңіз, қадірлі көрермен!