Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)

Автор: Пьер де Бомарше

Композитор: В.А.Моцарт

Қазақ тіліне аударған: Еркін Жуасбек

Қоюшы режиссер: Нұрлан Жұманиязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов

Дирижер: Ерлан Бейсембаев, «Мәдениет саласының үздігі»

Хормейстер: Ержан Сансызбаев

Музыкалық редактор: Гүлмира Үмбетова, Татьяна Развина

Әнге сөз жазған: Мирас Әбіл

Хореограф: Салтанат Сұңғат, «Мәдениет саласының үздігі»

Жарық қою бойынша суретші: Азамат Бекбембетов

Жанр: музыкалық комедия

Ұзақтығы: 120 минут

Жас ерекшелігі: 12+

«Фигароның үйленуі» — Моцарттың ұлы музыкалық мұрасымен көмкерілген жарқын комедия. Спектакльде тапқыр қызметші Фигаро мен оның сүйіктісі Сюзаннаның үйлену тарихы баяндалады. Олардың бақытты болу жолына Альмавива графының қитұрқы әрекеттері кедергі келтіреді. Махаббат пен айлакерлікке толы бұл қойылым көрерменді ерекше әсерге бөлейді.