Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Қ.Қуанышбаев көшесі, 8/1), кіші сахна
Автор: П.Лагерквист
Жанр: пьеса оқылымы
Жетекшісі: Айнұр Жетпісбаева
Актерлік құрам: Қобыланды Болат, Жанат Оспанов, Арай Омарова, Біржан Жүнісов,
Бегімнұр Қалила
Жас ерекшелігі: 14+
Ұзақтығы: 1 сағ 20 мин
«Лифт» - швед жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Пер Лагерквистің шығармасы. Лагерквист — әлемге әйгілі жазушы, оның шығармашылығы адамзаттың терең философиялық сұрақтарын қозғайды.
«Лифт» — пьеса емес, проза туындысы. Оқылым жобасының ерекшелігі тек пьесалармен шектелмей, прозалық шығармаларды да қамтиды. Бұл оқылым жобасы әдебиетке деген жаңа көзқарас пен шығармашылық бағытты ұсынады. «Лифт» туындысының орыс тілінен аударған — Нұрлан Қабдай. Пьесаның жетекшісі — Айнұр Жетпісбаева.