Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел 10/1, ОКЗ «QAZAQCONCERT»

Күні: 11 мамыр 2025

Уақыты: 15:00

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас шектеуі: 7+

Қымбатты талғамы биік тыңдарман, патша көңіл көрермендер!         

Сіздерді, 2025 жылдың 11 мамыр күні, сағат 15.00де өтетін Қазақстанның Халық артисі Майра Ильясованың «Ән Майра, Әнші Майра, Ару Майра» атты ән кешіне шақырамыз!  

Концертте елге белгілі таңдамалы, үздік, әуезді әсем әндер, көңілді қозғап, жүректі елжіретер ескірмес туындылар орындалады.

Кеш қонақтары:

1. Мақпал Жүнісова
2. Бағдат Сәмидинова
3. Қанат-Света Айтбаевтар
4. «МузАРТ»
5. Қыдырәлі-Қарақат
6. Маржан Арапбаева
7. Сүндет Байғожин
8. Алишер Каримов 
9. «Қазақ» оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов

Кеш жүргізушілері:

1. Ғалымжан Кеңшілік
2. Ләйлә Сұлтанқызы
3. Бексұлтан Әкімжан

Көрермен есінен мәңгі кетпейтін әдемі ән кешінде жолығайық!