Бүгін қазақтың бас ақыны, әрі ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер ретінде танылған Абай Құнанбайұлының (1845-1904жж) туған күні. Зайырлы білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңғыртуды ойлаған реформатор. Абай ақындық шығармаларында сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Зәки Ахметов өз еңбектерінің бірінде «Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы!» - деп атап көрсетсе, Мұхтар Әуезов: «Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығарма