18+

Бейбіт күннің батырына 1 млн теңге сыйға тартылды

Семейлік кәсіпкер 48 адамның өмірін құтқарған Ержанға 1 миллион теңгені табыс етті - деп хабарлайды CITY01.KZ,  ALTAYNEWS ақпарат порталына сілтеме бере отырып. 

Күні кеше ғана Ресейдің Алтай өлкесінде Семей қаласының тұрғыны Ержан Амарханов «Семей-Новосібір» бағытындағы қызыл жалынға оранған автобустан 48 адамды құтқарып қалғаны туралы көп жазылған  болатын.

Осы ретте, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовте бейбіт күннің батырымен кездесті.

Кездесу барысында қала басшысы өрт кезінде ерлік танытқаны үшін Ержанға зор ризашылығын білдірді.  Көлік алуға деп жинаған қомақты қаржысының жанып кетуіне байланысты, жергілікті кәсіпкер «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев жерлесімізге 1 миллион теңгені өз қолымен табыс етті.