Индонезиядағы жазғы Азия ойындарында Данияр Қайсанов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында 2:3 есебімен өзбек палуанынан ұтылды, деп хабарлайды CITY01.KZ ALTAYNEWS сайтына сілтеме бере отырып.
Еркін күрестен сынға түскен жерлесіміз 74 келіде өнер көрсетті. Алғашқы белдесуінде ол катарлық қарсыласын 10:0 көрсеткішімен қапы қалдырды. Дəл осындай есеппен ширек финалда вьетнамды спортшыныда ұтып кетті. Ал жартылай бəсекеде шығысқазақстандық Оңтүстік Кореяның өкілін 12:8 ұпайымен жеңді.
Өкінішке қарай, шешу сайыста Данияр өзбекстандық Бекзод Абдурахмановқа жол берді. Қорытынды есеп 2:3. Осылайша, Қайсанов Джакартада күміспен күптелді.
Еркін күрестен сынға түскен жерлесіміз 74 келіде өнер көрсетті. Алғашқы белдесуінде ол катарлық қарсыласын 10:0 көрсеткішімен қапы қалдырды. Дəл осындай есеппен ширек финалда вьетнамды спортшыныда ұтып кетті. Ал жартылай бəсекеде шығысқазақстандық Оңтүстік Кореяның өкілін 12:8 ұпайымен жеңді.
Өкінішке қарай, шешу сайыста Данияр өзбекстандық Бекзод Абдурахмановқа жол берді. Қорытынды есеп 2:3. Осылайша, Қайсанов Джакартада күміс жүлдеге ие болды