Кеше ТҮРКІСТАН облысында Мырзашөл өңірі, Жетісай ауданының орталығында "Qauyn fest" облыстық фестивалі дүркіреп өтті.
Фестивалдің мақсаты - Түркістан облысының оның ішінде Жетісай мен Мақтаарал аудандарындағы бағбандардың мәртебесін өсіріп, мырзашөлдің ең дəмді қауындары мен қарбыздарын насихаттау еді. Фестивальге алыс-жақын өңірлерден 300-ге жуық қонақ келді.
Фестиваль барысында барлық ауыл округ әкімдіктері өз мүмкіндіктерін паш етті. Шара қонақтарына қауын-қарбыздан әзірленген 10-нан астам өнім түрлері тарту етілді. Оның ішінде қауын қақ, қауын құрт, түрлі тосаптар да болды. Шара соңында мерекелік кешке өнер майталмандары əн шашуларымен көрермендердің көңіл күйлерін көтерді.