Ақпарат әлемінде көп және сапасыз ақпарат күнделікті таралып жатады. Сондықтан өзіңізді қажетсіз күйзеліске ұшыратпау үшін сенімді ақпарат дереккөзін таңдап, жаңалықтарды дұрыс оқи білген жөн. Оқырман санын көбейту табыс көзі болып табылатындықтан кейбір БАҚ ақпаратты өзгертуі мүмкін. Әрқашан маңызды, басты оқиғаларды baq.kz порталы жинақтап, өзекті Қазақстан жаңалықтары жариялайды, бұл интернет ресурсынан қызықтырған ақпараттарды оқуыңызға болады.
Ақпаратты қалай іріктеу керек?
Заманауи ақпараттық орта үдірісінде жалған жаңалықтар кеңінен таралып жатыр, сондықтан оны әрқашан шынайы ақпараттан ажырата алу үшін біренеше пайдалы кеңестерді ұқсынамыз:
- жаңалықтардың тақырыбына сене бермеңіз, өйткені олар көбінесе оқырманның назарын аудару үшін жазылады;
- сенуге болатын жаңалық тек фактілерге негізделеді және белгілі бір дереккөзге сілтеме жасайды;
- шын мәнінде орын алған оқиғаны бірнеше БАҚ дереккөздері міндетті түрде жариялайды.
Қазіргі заманда ақпарат толқыны адамға кері әсер етуі мүмкін, сондықтан стресстік ақпаратты алу арналарының санын азайту қажет, яғни өзіңіз сенетін екі-үш медианы қалдыруға болады. Ми жан-жақты көп ақпарат алған кезде, ол шамадан тыс жүктеледі. Әр түрлі ақпарат көздерінен, әр түрлі адамдардан естіген бірдей жаңалықты біздің миымыз жаңа ақпарат ретінде қабылдайды.
Қазіргі әлемдегі жалған жаңалықтар
Технологиялық дамудың, бұқаралық коммуникация әдістерін, сондай-ақ деректер арналарын әртараптандырудың, баспа БАҚ-тың блогтарға, әлеуметтік желілерге, онлайн-БАҚ-қа ауысудың арқасында фейктердің таралуы қарқындады.
Инфодемияның зияндылығы адамға, қоғамға кері әсер етуі мүмкін, сондай-ақ пандемия, соғыс, энергетикалық дағдарыс, сондай-ақ экономикалық саладағы салдармен белгіленген жаһандық ауқымда өмір сүріп жатқан кезең жалған жаңалықтар үшін өте құнарлы негіз болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің болуы кез-келген адам тінтуірді бір рет басу арқылы өзі қалаған ақпаратты жариялап, оны тез тарата алады. Интернет желісінде көптеген жалған суреттер мен бейнелер, ақпараттар бар, олардың барлығын тексеру қиын, негізінен тексерілмеген ақпаратты қарапайым адамдар өзара таратады.