18:27, 13 сентября 2016 г.
Болашақтықтар кәсіпорындарда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған бірінші турын өткізді
"Болашақ" Қауымдастығы өткен сенбіде "25 Қайырымды Іс" жобасы аясында балалар үйі мен түзету мектептерінің тәрбиеленушерімен бірге кәсіпорындарға арналған алғашқы турын бастады. 10 қыркүйек күні Ақкөл қаласының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, тәрбиешілері және «Болашақ» Қауымдастығының өкілдерінен құралған топ «SC FOOD» ЖШС барып қайтты.
Аталмыш компания Ақмола облысындағы өзінің асыл тұқымды мал шаруашылығында ірі қараның Ангус (қара түсті) тұқымын өсіреді. Тур барысында тәрбиеленушілер ұйымның құрылымы, мал өсіру бизнесі жайлы және оның өнімдері туралы ақпараттар алды. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылатын «SC FOOD» кәсіпорнының директоры Мақсұт Бақтыбаев оқушылармен кездесіп, оларға «Мамандық таңдау» тақырыбында лекция өткізді. Лекция барысында ол келешекте өз ісінің шебері болу үшін, мамандық таңдауды оқу үрдісінің бас кезінен бастаудың маңызы зор екенін басып айтты.
«Болашақ» Қауымдастығы кәсіпорындарға арналған турларды балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түзету мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар ретінде шынайы бизнеспен таныстыру мақсатында өткізеді. Жыл соңына дейін осындай 3 таныстырылым турларын ұйымдастыру жоспарлануда.
Ұйымдастырушы: «Болашақ» Қауымдастығы
Фото: «Болашақ» Қауымдастығы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
18:16, 23 декабря
13:21, 24 декабря
09:49, 17 декабря
18:16, 23 декабря
live comments feed...