• Главная
  • Жылы аялдама темекі шеккен 46-жастағы азаматқа әкімшілік хаттама тіркелді.
ДВД,г.Астана
12:46, 27 января 2017 г.

Жылы аялдама темекі шеккен 46-жастағы азаматқа әкімшілік хаттама тіркелді.

ДВД,г.Астана
Жылы аялдама темекі шеккен 46-жастағы азаматқа әкімшілік хаттама тіркелді.

2017 жылдың 25 қаңтарында ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторымен жергілікті-рейдтік іс-шарасын жүргізу барысында, полиция лейтенанты Айдар Қазанғаповпен қоғамдық тәртіп бұзу фактісі анықталды. 1971 ж. Ч. Есімді азамат Шалкоде көшесіндегі жылы аялдамада темекі шеккені анықталды. Әкімшілік құқықбұзушы 46 жастағы ер кісіге ҚР ӘҚБтК 441 бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша хаттама тіркеліп, 3АЕК (6807 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы жыл басынан Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің анықтауымен белгіленбеген орында темекі шеккендердің саны 1500- ден астам, 2016 ж. 17220 құқықбұзушылар анықталған.

Ескеріп кетсек, ҚР ӘҚБтК 441 бабы « Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» бұзған жағдайда уш АЕК көлемде айыппұл қаралған.

Сондай-ақ аталмыш бабты бір жыл ішінде қайта бұзған жағдайда алты АЕК көлемде айыппұл төлеуге тура келеді. Кез келген қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың куәгері болған азаматтарға жақын маңайдағы учаске пунктіне немесе, 102 телефон желісіне хабрлауыңызды сұраймыз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Астана #темекі
Объявления
live comments feed...