13:55, 23 июля 2018 г.
Надежный источник
ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІН ҚАДІРЛЕГЕН
Қорғалжын.. Осы бір шөбі шүйгін, жусаны жұпар, табиғаты әсем Сарыарқаның қасиетті жері Павел Григорьевич Калмыков үшін ата-мекен ұғымының әсерлі баламасы, әуезді қайырымы секілді. Осында оның кіндік қаны тамып, балалық шағы өтті, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, әліппе таныды. Сондағы кәсіптік-техникалық училищені тәмамадап, мамандық алды. Жас жігіт әскери борышын абыроймен атқарып келгеннен кейін, Қонрғалжын автобазасында жүргізуші болып еңбек жолын бастады.Үйленіп, отау құрды. Сүйікті жары Эрика екеуі 3 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді.
Үлкен баласы Юрий, қазір жанұясымен Германияда тұрып жатыр. Ал қыздары Ал қыздары Оксана мен Ирина әкесі сияқты, қазақтарға тым жуық болғандықтан ба, әйтеуір, әзірше Қорғалжыннан шеттей қойған жоқ. Үлкен қызы Оксана Аманкелді деген қазақ жігітімен көңіл қосып, қазақтың келіні атанды. Кіші қызы Иринаның да достасқан құрбыларының дені – қазақ қыздары.
1992 жылы жастайынан қосылып, көп жыл отасқан зайыбы Эрика дүние салды. Содан соң, анасы Мария Ивановнаны соңғы сапарға аттандыруға тура келді.
Тағдыр тауқыметіне мойынсұнбаған Калмыков өзінің ежелгі кәсібімен айналысып, күйбең тірліктің қаракетімен жүре берді. Нарық қатынастарының қос бүйірден қысқан шырғалаң тұсында Қорғалжынжағы өзі жұмыс істеп жүрген кәсіпорын таратылып, жұмыссыздыққа тап болды.
Ешқашан қол қусырып, қарап отыра алмайтын еңбекқор жан нартәуекелге салып, Астанаға бет бұрып, «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнында жүргізуші болып табысты еңбек ете бастайды...
Жалпы Павел Григорьевич Калмыковтың өмір жолын саралайтын болсақ, оның әсіресе қазақ тілін үйреніп, білуге деген құштарлығын ерекше атап өткен жөн. Алғашқы ұстазы, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дәмеш Дүзенқызы Жақыповадан алған дәрісі, сол сияқты Ерік Айтжанов, Серік Рүстембеков, Уәли Құрмашев, Төлеутай Дүзенов сынды құрдастырмен қоян-қолтық араласып жүргендігі – Павел Калмыковтың қазақша еркін сөйлеп кетуіне зор әсер етті десек, артық айтқандық емес. Өзі қазақ болмаса да, әр уақытта достасқан халқының сөзін сөйлеп, намысын жыртуға дайын. Оған мына бір мысалды келтірейік.
... Жұмыстан қолы қалт еткен уақыттардың бірінде, Павел Григорьевич өз шаруасымен жақын жердегі ауылға барады. Кеңсе алдындағы тұрған жігіттермен қазақша сәлемдесіп, амандық-саулық сұрағанда қазақ жігіттері Павелдің қазақша сәлеміне орысша жауап қайтарып, сөздерін сол тілде жалғастыра береді. Бұған іштей намыстанған Павел оларға қарап: - «Жігіттер бұларың қалай, сендерде немене, ана тілі деген мүлде жоқ па? Қазақ деген аттарың бар емес пе?!Мені дұрыс түсініңдер, орысшаны мен де жақсы білемін, оны мен де сыйлаймын, қадірлеймін», - деп, олардың өлексіген намыстарына от құйып кетеді.
Нұрбек Жақанов, Астана қ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:36, 15 ноября
2
16:23, 11 ноября
15:24, 14 ноября
live comments feed...