• Главная
  • Роза Рымбаева: Қытайдың мақ­саты Димашты насихаттау емес. Димаш ар­қылы «Мен әншімін» жобасын насихат­тады.
16:13, 16 августа 2018 г.

Роза Рымбаева: Қытайдың мақ­саты Димашты насихаттау емес. Димаш ар­қылы «Мен әншімін» жобасын насихат­тады.

Роза Рымбаева: Қытайдың мақ­саты Димашты насихаттау емес. Димаш ар­қылы «Мен әншімін» жобасын насихат­тады.

«Қазақ халқының алтын дауысты әншісі». Бұл – беларусь халқының қазақтың әнші қызына берген бағасы. «Славян базары» байқауында Роза Рымбаева ең үлкен марапатқа ие болды. Әлемдік деңгейге жеткен әншілердің әрдайым жұлдызы жарық болады. Бүгінде Белоруссиядағы «Жұлдыздар аллеясында» қазақтың талантты қызының да жұлдызы бар, деп хабарлайды CITY01.KZ  "Айқын"  газетіне сілтеме бере отырып.

– Еуропалық деңгейдегі әншілеріміз көп пе?

– Қазір дүниежүзіне танымал әншіміз – Димаш Құдайберген. – Оның өзін бізге Қытайдың «Мен ән­шімін» жобасы танытып берген жоқ па? – Димаш оған дейін де танымал бол­мады деп айтуға келмейді. Ол – Қазақстанда да өзін танытқан әнші. Ал Қытайдың мақ­саты Димашты насихаттау емес. Димаш ар­қылы «Мен әншімін» жобасын насихат­тады. Мүмкін, оның ар жағында коммер­ция­лық мүдде де жатқан шығар. Біздің елде кез келген әншіні табыс көзіне айналдыру мүмкін емес. Мүмкіндік те жоқ. Өйткені біз­дің елдің өз ауқымы бар. Ең ауқымды кон­церт өткізілетін екі қала бар: Астана мен Алматы. Халықтың жағдайы, тұрмыс деңгейі күнделікті концертке баратындай емес. Қытайда мүлдем бөлек. Миллиард­та­ған халқы бар мемлекетте қала саны да үл­кен. Ал Димаш баламыздың ең негізгі қасиеті – дауысы. Мұндай дауыс жүз жылда бір рет қана беріледі. Алла Тағала ол баланы осылай ерекше етіп дарытты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#РозаРымбаева #Қытай #Димаш #«Менәншімін»
Объявления
live comments feed...